Белгілі жекпе-жек жаттықтырушысы Бекзат Жәлел әлеуметтік желіде жаңа тренд бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнероликте жаттығу аяқталған соң, Бекзат ынталандыру ретінде шәкірттеріне отандық өндірістің шоколадын таратады және «Дубай емес, өзіміздің Қазақстан шоколады» деп айтады.
Спортшының «Дубай емес, Қазақстан шоколады!» трендін басқа да блогерлер қолдап әкетті.
Б.Жәлел өз оқушыларымен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдерімен бұрыннан танымал. Ол — шәкірттеріне тек физикалық дағдыларды емес, патриотизм мен отанды сүюді үйрететін нағыз тәлімгер.
Тренерлік жұмысы мен вирусқа айналған бейнероликтер жасаудан бөлек, Бекзат Жәлелдің спорт саласында да мол тәжірибесі бар. Ол кикбоксингтен жүлдегер, Таэквон-до ITF бойынша бірнеше мәрте чемпион және Джит Кун-До чемпионаттарын үш рет жеңіп алған спортшы.
«Дубай емес, Қазақстан шоколады» трендін танымал тележүргізушілер, блогерлер, актерлер және елдің басқа да азаматтары қолдап жатыр. Қазірдің өзінде #недубайскийА_Казахстанский #RepublicDay🇰🇿 хэштегімен жүздеген бейнероликтер көруге болады.
@sam.bekzat.zhalal Уважаемые друзья, всем Ассаламу алейкум! Сегодня мы потренировались на ура! Мои ученики заслужили маленький сюрприз. Обычно я говорю, что шоколад нельзя, но иногда можно и нужно побаловать себя, но не дубайским, а настоящим казахстанским шоколадом🇰🇿, ведь сегодня День Республики! Всем хорошего дня! Занимайтесь спортом✊🏻✊🏻 поздравляю всех казахстанцев 💪🙏 #казакстан🇰🇿🇰🇿🇰🇿 #недубайскийА_Казахстанский🩵 #RepublicDay🇰🇿 ♬ оригинальный звук — Sam.bekzat.zhalal
ПІКІР ЖАЗУ