Бес жыл хейт болады, бес жыл шыдап күте тұр — Айқын Төлепберген әйеліне

Фото: aikyn.kz

Жақында үйлену тойын өткізген жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бал айында қайда баратыны белгілі болды, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали Revue News бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Бал айы емес, апталық демалысқа барайын деп жатырмыз. Бұйырса бірер аптадан соң отбасымызбен Дубайға барамыз», — деді ол.

Ал Айқын Төлепберген әйеліне берген уәдесін ақырындап орындап жатқанын айтты.

«Мен Жұлдызға айттым, «Бес жыл хейт болады, бес жыл шыдап күте тұр. Одан кейін елдер қояды, басылады, үйренеді» деп. Біз жігіт болғандықтан, бәрін іспен дәлелдейміз», — деді Айқын Төлепберген.

Әнші әйеліне тосынсый жасап, үйлену тойына Алексей Чумаковты шақыртыпты. Сүйікті әртісімен бірге әйеліне арнап ән шырқаған ол Жұлдыз Өмірғалиді жылатып қойды.

АҚПАРАТ MASSAGET.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН