Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Депутат болғанға дейін сынды әрбір жерде еститінбіз. Ол кезде мен өзімнің жанұяма, спорт залыма, кейбір жастарға жауап беретінмін. Қазір халықтың алдындағы жауапкершілік бар. Сондықтан 20 млн адам бар ма, 20 млн пікір бар. Мен барып «мен ондай емеспін, мен осындаймын, жақсы ниетпен бардым, қасымда мобилограф болған жоқ» деп ақталмаймын ғой. Мен өзімнің ісімді білемін.Сіздерге айтарым бір-ақ нәрсе. Жер қымбат, ел қымбат, ата-ана қымбат және тағы бір қымбат дүние – адамның ар-намысы. Менің ар-намысымды таптап, маған жазушыларға ешқандай ренішім жоқ», — деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Оның сөзінше, әр адамның санасы бар.
«Бірақ ертең біреудің қарғысы болады, біреудің жаман сөзі болады. Мысалы, біреуді қаралап көрсетесіз, ол адам ондай емес болуы мүмкін. Ол адам сізге ренжуі мүмкін, сол кезде ол сізге жаман сөз айтуы мүмкін. Сол сіздің ұрпағыңызға тиеді. Мен содан сіздерді сақтандырғым келеді. Өйткені жақсы нәрсені насихаттау керек. Біреудің ар-намысына тиюге болмайды, адамгершіліктен аттауға болмайды», — деді Ардақ Назаров.
ПІКІР ЖАЗУ