«Алладан қорықпайсындар ма?». Шерзаттың әжесі айыптауларға жауап берді (ВИДЕО)

Бейнеден кадр

Шерзаттың әжесі интернетте таратылып жатқан бақылау камераларындағы бейнеге түсініктеме берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қарт әйел бұған дейін бейненің жоқтығы туралы айтылып, енді тек «ыңғайлы» кадрлардың жарияланғанына наразылық білдірді.

«Бастапқыда бұл бейнелер жоқ деп айтқан, ал қазір сіз өзіңізге ыңғайлы кадрларды жарияладыңыз. Бірақ менің ұлдарым ешкімді өлтірген жоқ», — деп мәлімдеді ол.

Әже сондай-ақ құқық қорғау органдарына: «Алладан қорықпайсыңдар ма?» деген сұрақ қойып, қауіпсіздік күштерінің әрекеттерінің заңдылығына күмән келтіріп, оқиғаны тергеуде әділеттілікті талап етті.

Бейне