Қазақстанға қарсы ойнағымыз келмейді — Футболдан Словения құрамасының бас бапкері

Фото: dzen.ru

Футболдан Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Қазақстанға қарсы матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Магомед Адиев бапкер болғанда Қазақстан жетістікке жеткен. Қазіргі бапкер Станислав Черчесов те мықты. Оның деңгейін Ресей ұлттық құрамасына қарсы ойнағанда көрдік. Енді Қазақстан құрамасын көтеретін шығар. Бірақ Қазақстанға қарсы бұдан кейін ойнағымыз келмейді. Алыс әрі қиын», — деді Матьяж Кек.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.