«Ешкімді мінгестіргім келмеді»: скутер тізгіндеген Мақпал Жүнісова елді күлдірді

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова көпшілікке шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті. Өнер иесі желіде демалысынан видео жариялап, елді күлдірді, деп жазады Malim.kz.

Мақпал Жүнісова шетелге ұшып кеткенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы демалысынан видео жариялап, әсерін бөлісті. 

Өнер иесі бөліскен бейнежазба бірден қызу талқыға түсіп, елді күлдірді. Онда әншінің скутер тізгіндеп бара жатқанын көруге болады. «Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады», – деген жазба қалдырды ол. 

Видео соңында Жүнісова артына мінгесіп жатқан ер баланы суға құлатып алады. Желі қолданушылары бірден лүпілдетіп, өнер иесіне түрлі пікрлер жазды. 

«Шынымен сіз бе? Тоқтамай күлдім ғой», «Сенген серігім сен болса» дегендей болды ғой», «Мақпал ханым жүрген жерінде күлкіге қарқ етіп жүреді», «Бәрін күлдіреді де, жүреді», «Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты», – деп жазуда оқырмандар.