Қыркүйек айында Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенділері Алматының көше және аула жарығы жоқ аудандарына бірнеше рейд жүргізді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Тексерісті жарық пен әділдіктің символы болған — біздің суперқаһарман «Лайтмен» басқарды. Өкінішке орай, рейд барысында жарық атымен жоқ немесе істен шыққан көптеген орындар анықталды, бұл алматылықтардың қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіреді.
Суперқаһарманның назарын Алматының дәл орталығында орналасқан — жарықсыз қалғанына төрт жыл болған М. Әуезов көшесі, 126А мекенжайындағы аула аудартты. Ол жерде 100-ден астам адам – жергілікті тұрғындар мен Жаңа адамдар қозғалысының белсенділері «Лайтменнің» басшылығымен жиналып, әкімдік пен коммуналдық қызметтерге мәселені шұғыл шешуді талап етіп, ұжымдық бейнеүндеу жазды.
Тұрғындар жарықсыз көшеге жауапты үш негізгі тұлғаға өз жолдауларын шамдар көмегімен жеткізді. «Соқыр Трио! Жарық бер!» сөз тіркесі келесі тұлғаларға бағытталды:
— Алматы қаласы, Бостандық ауданының әкімі —Алин Санджар Мендибаевичке;
— Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бастығы — Мұқанәлі Асыл Багдатовичке;
— «Алматы Қала Жарық» ЖШС директоры — Игорь Мысык Ивановичке.
Тұрғындар шенеуніктерден М. Әуезов көшесіндегі және қаладағы осындай жағдайдағы басқа да жерлердегі жарықты қалпына келтіруді талап етті.
Бейнеүндеу тиісті тұлғаларға бағытталды. Біз бұл жолдау қалалық биліктің нақты шаралар қабылдауына түрткі болады деп үміттенеміз.
ПІКІР ЖАЗУ