Тоғыз жылдан кейін бағдарламада үйлену тойларын өткізген Айқын мен Жұлдыз ел талқысына түсті. Өнер иелері тойларын “Астарлы ақиқат” бағдарламасының студиясында өткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сондай-ақ Айқын екі баласының анасына ерекше сый дайындады.
“Мынау Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын. Бұл «бөлек шығып кетші» деген сөз емес. Нағыз қазақтың бизнесі ғой. Пәтерді жалға өткізесің. Ақшасын өзің аласың. Сенің жалақың болады», – деді өнер иесі.
Күтпеген сыйлыққа ие болған әншінің жары қуанышын жасыра алмады.
Сонымен қатар Айқынның енесі, Жұлдыздың анасы алғаш рет сұхбат беріп, күйеубаласын мақтады.
“Қызым Айқын деген жігіт ұнатып жүр деп айтқан еді. Бұрын соңды Айқынның әндерін тыңдамаппын. Шығармашылығымен таныс емеспін. Айқын деген әншінің бар екенін ғана білемін. Бір күні Жұлдыз маған хабарласып: “Айқынның отбасы бар екен” деп қатты жылады. Қызыммен қосылып мен де жыладым. Содан қызым араласпаймыз деді. Мен де “Біреудің отбасын бұзбай-ақ қой” дедім. Арада бір жылдай уақыт өтіп кетті. Қызымның соңынан Айқын қалмаған көрінеді. Ол кезде Айқын бірінші отбасынан бөлек тұрып жүр екен. Балалардың таңдауына қарсы бола алмадық. Құдалық жасап, Жұлдызды ұзаттым. Өте қиын күндер өтті. Жұлдыз неше түрлі сөз естіді. Бірақ күйеу балама ризамын. Бәрі Айқынды маған ұқсатады. Қызыма жақсы күйеу”, – деді Ақмарал Жақсылыққызы.
ПІКІР ЖАЗУ