Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

Фото: Istockphoto

Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алып, полицияға хабарлаған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде өмір белгілері жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп толықтырды полиция.

Кейбір мәліметтер бойынша, қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.