ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Света Айтбаева Димаш Құдайбергеннің ерекше жанкүйерлері бар екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әншінің айтуынша, жамбасы сынып қалса да, концерттен қалмаған әженің оқиғасы көпшіліктің таңғалдырған.
«Валентина есімді апамыз дәл Димаштың концерті болатын күні құлап, жанбасын сындырып алады, бірақ жарақатына қарамастан, ол Димаштың концертіне барып, жеті сағат бойы ауырып тұрғанын ұмытып, әрбір әннен ләззат алады. Бүкіл аурухана әлі күнге дейін таңғалып, күліп отыр. Өйткені ол жамбас сүйегі сынғанына қарамастан, Димаштың концертіне барып, жеті сағат бойы ауырсынуды шыдап тыңдаған!
«Мен Димашты әнші ретінде өте жақсы көремін, адам ретінде құрметтеймін және бұл оқиғаны өткізіп алуға болмайды деп ойладым. Сырттай күліп отырмын, ал ішімде не болып жатқанын білсеңіз ғой… Бірақ менде ертерек кету немесе бармай қалу туралы ой болмады. Әрбір әннен ләззат алып отырдым. Ойлап қарасам, тағы да құлап қалуым мүмкін, бірақ Димашты енді көрмеуім де ғажап емес!» деді. Дәрігерлер неге ертерек келмедіңіз десе: «Димаштың концертінде болдым» депті. Осындай қызық өте көп», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Света Айтбаева жанкүйермен кездесіп, оның жағдайын білген.
«Валентина Толмачёвамен біраздан бері телефонмен сөйлесіп жүретінбіз. Димаштың концертіне келгісі келетінін айтқан кезде қуана шақырып едім. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арналған пансионатта тұратынын білетінмін. Бүгін біз бірінші рет кездестік. Жамбас сүйегі сынып, операциядан шығып отырса да жүзінен нұры төгіліп, әдемі күлкісімен баршамызды баурап алды», – деді Димаштың анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ