Қарағандыда екі арыстанның күшігін ұрлап, сатуға әрекеттенген қалалық хайуанаттар бағының қызметкерлеріне 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында зообақ қызметкерлеріне қатысты арыстанның екі күшігін ұрлау және заңсыз сатуға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Тергеу мәліметінше, қызметкерлер адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны (Қылмыстық кодекстің 24-3- бабы – 188-бабы 3-бөлігі 1- тармағы) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызмет бабын пайдалана отырып жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттармен реттелетін жануарлар түрін заңсыз өткізуге оқталғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 24-3- бабы – 339-бабы 2-бөлігі 2,3,4- тармақтары) айыпталды.
Фото: instagram.com/krgzoo
ПІКІР ЖАЗУ