Жамбыл облысында қызметтік қарудан оқ атқан әскери қызметкер өзін қамауға алуды сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сот ақпаратынша, Қордай аудандық сотында табельдік қаруынан оқ атқан әскери қызметшіге қатысты ҚР Әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 652-б. 6-б.).
«2024 жылдың мамырында кіші сержант жарғылық ережелер мен бөлім командирінің бұйрығын бұзып, БӨП-да тәуліктік кезекшілікте (нарядта) болған кезде қаруды қаруқаптан шығарып, оқтап атып жіберген», — делінген хабарламада.
Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, қаржылық қиындықтарға байланысты айыппұл төлей алмайтындығын көрсетіп, қамақ түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
«Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындау мен жасаған ісіне өкінуін таныды. Сотпен жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықталған жоқ», — делінген сотта.
ПІКІР ЖАЗУ