Көптен күткен реванш: Алматыда NAIZA 67 турнирі өтті

Алматыда NAIZA 67 жекпе-жек турнирі өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жасұлан Әкімжан (12-3) мен француздық Джейсон Понет (24-18-1) кездесті. 70 кг салмақ дәрежесінде бұл жауынгерлер арасындағы екінші жекпе-жек болды. Бірінші жекпе-жекте қазақстандық төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған еді. 

Бұл жолы үш раундқа есептелген жекпе-жек Жасұлан Әкімжанның (30-27, 29-28, 30-27) жеңісімен аяқталды. Жеңістен кейін ол алдымен «парсылық дағыстан» деген лақап атпен танымал Мұхаммед Хейбатиді (5-4) жекпе-жекке шақырды, содан кейін сахна сыртындағы сұхбатта ол келесі жекпе-жегін мұхиттың арғы жағында шетелдік лигаларда өткізгісі келетінін айтты. 

Сондай-ақ 57 келі салмақта қазақстандық жауынгер Қазбек Сағын (6:0) бірауыздан төрешілер шешімімен, бразилиялық жауынгер Да Силвадан (13-4-1) басым түсті. 

NAIZA 67 турнирінің өзге жекпе-жек нәтижелері: 

Ботиржон Абдусамиев (1-0) Амантур Баибитовты (1-1) 1-раундта (1:30) қылқындыру әдісімен жеңді. 

Бахтиёр Халилов (4-0) Батырхан Көшенді (1-1) 1-раундта (1:55) қылқындыру әдісімен ұтты.  

Мухаммадали Кенжебаев (2-1) Бағдат Жұмабаевты (2-2) 2-раундта (2:18) қылқындыру әдісімен жеңді. 

Бердібек Сиражов (4-1) Бишал Сахуды (4-3) 2-раундта (4:15) қылқындыру әдісімен ұтты. 

Шыңғыс Қамал (4-0) Олим Тилаевты (2-4) 1-раундта (2:26) техникалық нокаутпен жеңді. 

Валерий Гусаров (5-1) Акраман Алаевты (2-1) төрешілердің екі жақты шешімімен жеңді (28-29, 29-28, 29-28). 

Ихтиёр Муртозаев (2-1) Бекжан Бакировты (0-1) төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. 

Еділ Оразбек (6-3) Дильшод Исоковты (1-2) 1-раундта (0:45) қылқындыру әдісімен ұтты. 

Асан Сұлтанов Абдурауф Рахмоновты (1-1) 1-раундта (1:50) техникалық нокаутпен жеңді. 

Даулет Өсербай (4-1) Пахлаван Давудты (2-1) 1-раундта (1:44) қылқындыру әдісімен ұтты.