Ресейде жас жігіт Александр Масляковтың қабірін бүлдірген, деп хабарлайды ozgeris.info.
Mash телеграм каналының жазуынша, 19 жастағы Кирилл К-ден жауап алынып жатыр. Оны есірткіге сараптамадан өткізеді.
«Бейітті қорлаған жас жігітті көрген жолаушылар оған ескерту жасап, әрекетін тоқтатпақ болған. Бірақ Кирил ешкімге құлақ аспаған. Кейін скутеріне мініп қашып кеткісі келді. Оны сол жердегі күзетшілер ұстап алып, полицияға тапсырған. Қазір Масляковтың қабіріне кресі қайта қойылды. Масляковтың отбасы мен қабір әкімшілігі полицияға арыз берді.
Масляковтың қабіріне шабуыл жасаған жігітті жерленген жерлерді қорлағаны үшін үш айға дейін түрмеге кесілуі мүмкін», — деп жазылған телешрам арнада.
Еске салайық, Ресейде КВН-нің негізін қалаған белгілі тұлға Александр Васильевич Масляков 8 қыркүйек күні 82 жасында дүниеден озды.
ПІКІР ЖАЗУ