Атыраулық әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған. Баланың тоқтамай шырқырап жылаған дауысын естіп, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар полицейге хабар берген, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.
Сөйтсе, ішімдікке сылқия тойған анасының 3 жасар бөбегіне қарауға шамасы келмеген. Полицейлер 40 жастағы жалғызбасты әйелдің бұған дейін де ерсі әрекетін байқаған. Сондықтан дереу бүлдіршінді балалар үйіне орналастырып, анасын айықтырғышқа салды.
«Жүйелі түрді алкогольдік ішімдік ішкен күйінде бала тәрбиесімен айналыспаған ата-аналарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекісінің 127-бабында әкімшілік жаңапкершілік көзделген. Жыл басынан 10 шақты ата-анаға қатысты әкімшілік жазалар қолданылған болатын», — деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Махметова.
Фото: astanatv.kz
ПІКІР ЖАЗУ