Бүгін Қазнеттің (қазақ интернеті) пайда болғанына 30 жыл толып отыр. Осы 30 жылдығы қарсаңында Yandex Qazaqstan Қазнеттің дамуы туралы зерттеу жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қазнеттің дамуы туралы статистика:
Қазір Қазнетте 108 мың сайт пен 967 миллион бет бар. Олардың үштен бір бөлігі 2023 жылдан кейін пайда болса, шамамен 71% соңғы 10 жылда ашылған.
Сарапшылардың айтуынша, Яндекс іздеу жүйесіндегі қазақ тіліндегі сұраулардың басым бөлігі (67%) білім беру тақырыптарына қатысты.
Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы,- деген Ғабит Мүсіреповтің сөзін зая жібермегеніміз ғой.
Қазақ тілінде іздеу салынған тақырыптар арасындағы ең танымалы төменде: ежелгi грек дiнi, авторлық құқық, сын есім, жасанды интеллект, үстеу, айтыс және т.б.
ПІКІР ЖАЗУ