«Кешіре алмадым»: Әкесінің көзі тірісінде сөйлеспеген блогер егіліп жылады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде кеңінен танымал блогер Алтын Думан әкесінен айырылып қалғанын айтып жылады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Блогердің сөзінше, әкесі көзі тірісінде онымен араласпаған.

«Әкем бізді тастап басқаға үйленіп кеткен еді. Соңғы рет он төрт жыл бұрын көрдім. Сол кезде мені кешіріңдер деп жылаған. Кешіре алмаймын деген едім. Жақында хабарласқанда да тұтқаны алмап едім. Кешіріңдер мені деп жазып жіберген еді. Жауап жазбадым. Кешірдім, әке. Сен де мені кешірші, әкешім», деп жазды ол.

Желі қолданушылары Алтын Думанға бұл ісі дұрыс болмағанын жаза кетті.

«Кешіре алмаймын деп айтатын сен кімсің?», «Енді не үшін жылап отырсың?», «Адамның қадірін білу үшін міндетті түрде өлу керек пе?», «Ажырасқан әйелдер балаларын әкесіне қарсы қояды», «Естеріңде болсын, ана мен әкеге сендердің кешіргендерің керек емес», деп пікір білдірді жұрт.

@altyn_dumanӘкеме айта алмаған сөздерімді осы жерге жазғым келеді. Әкешім мен сізді жақсы көремін ! Мен кешірдім сізді! Меніде кешіріңіз! Қаншама рет кешірім сурап келдіңіз,мен журегімдегі окпені жулып алып тастай алмадым. Енді тусіндім бәрін. Сөйлесуім керек еді сізбен. Кешірші мені ӘКЕ 💔 жатқан жеріңіз жайлы жәннәттан болсын 17.09.2024♬ оригинальный звук — wanna be yours✨