«2 жыл бұрын уәде берген». Астана тұрғындары жолдың сапасына наразы

Фото: видеодан кадр

«Ново сити Южный» ТК тұрғындары аулада жол жоқ екенін, оны салуға уәде берілгеніне 2 жыл өткенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі zhaloby.astana Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Біз «Ново сити Южный» ТК Әл-Фараби даңғылы 44/1 үйінің тұрғындарымыз. Үйдің бір жағы Нұра өзеніне, бірінші желіге шығады. Жыл сайын біз жаңбырдан, қардан кейін батпақтан зардап шегеміз, 2023 жылы жасаймыз деп уәде берді, 2024 жылы жасамады, енді асфальт жасауды сұрамаймыз, жай ғана ұсақ тастармен жабуға болады ғой. Бұл мүмкін емес. машинаны қоятын жер жоқ, деді zhaloby.astana парақшасының оқырманы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АСТАНА | ЖАЛОБЫ | ОТЗЫВЫ 🌐🔝🗨️ (@zhaloby.astana)