Түркістан облысында зерттеушілер жауынгердің сүйегі мен жәдігерлер тапты. Табылған заттардың жасы шамамен 2 мың жыл деп болжанып отыр, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі «31 арна» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, археологтар Түркістан облысындағы Сілбелі маңынан қорым тапқан. Үңгірде жауынгер жерленгені белгілі болды. Бұл жерлеу рәсімі шамамен 2 мың жыл бұрын болған деп болжанып отыр.
Археологтардың айтуынша, үңгірдің бір бөлігі толығымен қираған, ал екіншісінде жерленген адам мен жақсы сақталған құмыра мен темір бұйымдар табылған.
«Болжам бойынша, бұл – көшпелі халықтың жауынгері, оған жерлеу атрибуты куә: бұл жерде бірнеше түрдегі темір жебелердің ұшы, көшпенділерге тән жылқы ноқтасының ауыздығы табылды. Катафракт деп аталатын қорғаныс сауыттары болған, мүмкін ол қола немесе күміс болуы мүмкін», — деді Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры Александр Подушкин.
Археологтар алғаш рет қазбаны тар (дромос) дәліз әдісі арқылы жүргізгенін айтты. Археологтар тапқан барлық олжалар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайына тапсырылады.
ПІКІР ЖАЗУ