Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп ozgeris.info тілшісі хабарлайды.

Құрлық біріншілігіне Шымкент қаласынан 3 спортшы қатысып, бәрі де жүлдегерлер қатарынан көрінген.

«Жасөспірімдер арасында Айдар Қадырхан (52 келі), Санжар-Али Бегалиев (66 келі) алтын медальға қол жеткізді. Бек Жолдасбек 50 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды»,– делінген хабарламада.