«Қарыздан құтылып, қызмет ауыстырасыз»: Қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал

Фото: Pixabay.com

Астрологтар қыркүйек айын энергия тұрғысынан өте күшті кезең дейді. Келер ай адамдарға қалағандарына қол жеткізуге, жұмысын өзгертіп, махаббатын жолықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ айдың екінші жартысында Ай тұтылып, күн мен түн теңеседі. Сол себепті астрологтар адамдарға өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге кеңес береді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тоқты

Тоқтылар кез келген ұсақ-түйек мәселелердің шешімін оңай табады. Тамыз айында өз қабілеттеріңізді аша алмасаңыз, келер айда мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Тоқтылардың еңбекқорлығы мен табандылығы біраз істерді аяқтауға көмектеседі. Көңіл-күйіңіз түсіп, күйзеліске бой алдырсаңыз, сізге берілген мүмкіндіктен құр қалуыңыз мүмкін. Барлығы тек өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Талапкерлігіңіз бен табандылығыңыздың арқасында қаржылай жағдайыңызды жақсарта аласыз. Қыркүйек айының қуатты энергиясы тоқтылардың кез келген бастамасын қолдайды.

Торпақ

Қыркүйекте торпақтардың отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойғаны абзал. Іште қалып қойған реніш пен арыз-шағымыңызды еске аласыз. Бұл өзекті мәселелерді шешетін уақыт келді дегенді білдіреді. Теңін таппай жүрген торпақтардың жеке өмірінде жақсы жаңалықтар болады. Жаңа таныстықтардың да болуы ғажап емес. Кейбір қаржылай қиындықтарыңыз сәтті шешімін табады. Балаларыңызбен бірқатар қиындықтар тууы мүмкін. Сондықтан шыдамдылық танытып, сабырлы болғаныңыз абзал.

Егіздер

Егіздер үшін қыркүйекте өзін дамытып, қызметін ауыстыруға мүмкіндік туып тұр. Сондай-ақ қалауыңызды орындап, шығармашылық идеяларыңызды іске асырып, қарыздарыңыздан құтылып, жаман әдеттерден арылуға да сәтті кезең болмақ. Үйіңіз бен жұмыс орныңызды да ретке келтіруді ұмыт қалдырмаңыз. Жаңа әрі қызық ұсыныстарды жіберіп алмаңыз. Сіздің жеке өміріңізде өзіңізді жақсы жаққа өзгертетін, тыныш және үйлесімді атмосфера орнайды. Дегенмен айдың соңына қарай  отбасылық мәселелерді шешуде үй ішіңізбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін.

Шаян

Айдың бірінші жартысында шаяндарды көптеген қызық мүмкіндіктер күтіп тұр. Шаяндарға отбасы мен достары барынша қолдау көрсетеді. Біреулер гардеробын жаңартып, шығармашылыққа қатысты құрал-жабдықтар сатып алса, енді бірі үйінде жөндеу жұмысын жасауға бел буады. Шаяндардың қыркүйекте жасаған келісім-шарты (жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату) сәтті болмақ. Келер айда қиялыңызға және сізге рахат сыйлайтын шығармашылық идеяларға ерік беріңіз. Айдың екінші жартысында шаяндар өзін жайсыз сезініп, мазасыз болуы мүмкін. Сол себепті табиғатта көбірек уақыт өткізуге және жағымсыз эмоцияларға бой алдырмауға тырысыңыз.

Арыстан

Арыстандар үшін қыркүйек сәтті басталмақ. Олар ойға алған мақсатына оңай қол жеткізбек. Айдың бірінші жартысы – кейінге қалдырып жүрген жұмыстарыңызды аяқтап, қорытындылауға ыңғайлы уақыт. Арыстандар көбіне достары мен туыстарының айтқанына құлақ асады. Жұлдыздар арыстандарға өзін, жүрегін тыңдауға кеңес береді. Айдың екінші жартысы жұмыстағы әріптестеріңізбен және жақындарыңызбен арадағы келіспеушіліктерге толы болуы мүмкін. Десе де, сүйіктісін кездестірмеген арыстандарды жеке өмірінде жақсы жаңалықтар күтіп тұр.

Бикеш

Келер айда бикештердің ескі әдеттерімен, наным-сенімімен немесе адамдарымен қош айтысқаны дұрыс. Сенімді түрде алға мақсат қойып, барлық жақсы қырларыңызды көрсетіп, болашаққа батыл қадам жасайтын кез келді. Егер қиындықтарға жалғыз төтеп бере алмайтыныңызды сезсеңіз, әріптестеріңіз бен достарыңыздың қолдауына мұқтаж болсаңыз, көмек сұраңыз. Айдың екінші жартысында күш-қуаттың жоқтығын сезініп немесе әлденені дамытуға немесе өзгертуге құлықсыздық танытуыңыз ықтимал. Мұндай сезімге бой алдырмаңыз, демалыңыз, уақытты жақсы өткізуге тырысыңыз. Осылайша күш жинап, жаңа белестерді бағындырасыз.

Таразы

Жұлдыздар таразыларға айдың бірінші жартысында аяқталмаған жұмыстары мен бітпеген мәселелерінің шешімін табуға кеңес береді. Таразылардың харизмасы мен мәселелерді дипломатиялық жолмен шешу қабілеті көп дүниенің ойдағыдай аяқталуына көмектеседі. Көп таразылар сыртқы келбетіне өзгеріс енгізісі келеді. Бірі гардеробын жаңартып, спаға барады немесе спортқа бет бұруы ықтимал. Келер айдың аяғында жақындарыңыздан алыстап кетуіңіз мүмкін. Сондай-ақ астролог мамандар таразыларға сапар мен саяхатын айдың басына жоспарлауға кеңес береді.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін қыркүйек – өзгеруге, саяхаттауға, дамуға, өзінің ішкі әлемін зерттеуге ең қолайлы ай. Білім алуға, таныстықтар мен сүйген адамыңызды кездестіруге дайын боласыз. Сарышаяндар өзінің алға қойған мақсатын, немен айналысқысы келетінін түсінеді. Бірақ мұндай маңызды шешім қабылдарда жұлдыздар айналадағы адамдарды емес, өзіңді және жүрегіңді тыңдауға кеңес береді. Қыркүйек айында сарышаяндарда қаржылай қиындықтар болмайды. Табысқа кенеліп қана қоймай, шығындарыңыздың болатынын ескеріңіз. Сондықтан бюджетіңізді жоспарлауға тырысыңыз.

Мерген

Мергендер қыркүйекте алға қойған жоспарларын орындай алмай, қиналып қалуы мүмкін. Жұмыста қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін. Бұл мергендердің ішкі күйіне әсер етпей қоймайды. Сол себепті өз көзқарасыңызды айтып, оны қорғауды үйренуге тырысыңыз. Жұлдыздар достарыңыз бен әріптестеріңіздің әртүрлі арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға кеңес береді. Айдың бірінші жартысында сыйақы алып, жалақыңыз өсуі ықтимал.

Тауешкі

Тауешкілер үшін қыркүйек айы сәтті және табысты болмақ. Кез келген бастамаңыз бен әрекетіңіз табыс әкеледі. Сізге келісімшартқа отыру, өніміңізді сату немесе мансабыңызды көтеру туралы жақсы ұсыныстар түсуі мүмкін. Қандай мүмкіндік болмасын оны жан-жақты қарастыруға тырысыңыз. Тіпті бір қарағанда сізді қызықтырмаса да, бірден бас тартуға асықпаңыз. Қыркүйек тауешкілер үшін романтикалық қарым-қатынасқа, жаңа таныстықтарға толы болады.

Суқұйғыш

Қыркүйекте суқұйғыштар әсерлі сәттерді де, ыңғайсыз жағдайларды бастан кешіреді. Жұмыстағы әріптестеріңізбен және серіктестеріңізбен қарым-қатынаста бар ынтаңызды салып, оларға көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз. Ашуға бой алдырмаңыз, адамдардың арандатушылық әрекеттеріне берілмеңіз. Қыркүйек айында суқұйғыштардың басты міндеті – жағымсыз эмоциялармен күресіп үйрену. Бірақ шығармашылықпен және сүйікті іспен айналысуды ұмытпаңыз. Ол ішкі күйіңізге, өзіңізді жақсы сезінуге сөзсіз көмектеседі.

Балықтар

Жұлдыздар балықтарға қыркүйек айында денсаулыққа, қоршаған ортаға және ішкі тыныштыққа көбірек көңіл бөлуге кеңес береді. Бұл айда бақытқа кенелуіңізе кедергі болатын нәрселерді өміріңізден алып тастаңыз. Сонда кішігірім өзгерістер болуы ықтимал. Сондықтан қыркүйекте дұрыс таңдау жасау үшін жандүниеңізге, ішкі күйіңізге құлақ асыңыз.