«Мен — педагогпын». Қапшағайға костюммен түскен мұғалім далада қалған (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қапшағайда «мен — педагогпын» деп костюммен суға түскен мұғалім бұл оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жаз айында Қапшағайға костюммен түскен мұғалімнің видеосы желіде желдей ескен болатын.

ТикТок әлеуметтік желісіне тіркелген Наргиза «Педагог — демалыста» атты видеосын түсірген кезде далада қалғанын айтты.

«Ол видеоның түсірілу тарихы да бар. Жалдап тұрған пәтеріміздің иесі пәтер ақысын көтеретінін айтып, амалсыз уақытша достарымыздың үйін паналадық. Демалыс кезінде біреудің үйінде күні бойы жату ыңғайсыз. Содан кейін Қапшағайдағы әпкемнің үйіне баруға тура келді. Сол кезде видеоны түсіріп жүктедім, бір аптадан соң ол барлық жерге тарап кетті», дейді ол.

Қоғамда резонанс тудырған видеосынан кейін желі жұлдызы өзінің орталығын ашып алған. Мұғалім бұл өмірде ешнәрсе тек болмайтынын айта кетті.

@nargiza_dautova♬ оригинальный звук — ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУ ЭКСПЕРТІ