Қостанай облысында әйел күйеуімен жанжалдасқаннан кейін орманға кіріп, адасып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Оқиғаның мән-жайын облыстық төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Әйелді іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған.
«Бүгін түнде Әулиекөл ауданы, Бағаналы ауылы маңында құтқарушылар жоғалған әйелді іздеуге кірісті. Күйеуімен жанжалдың салдарынан 1981 жылы туған әйел орманға кетіп, адасып кеткен», – делінген хабарламада.
Құтқарушылар әйелді іздеу үшін іздестіру иттерін, дрондар мен тікұшақ пайдаланған.
“Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты», – делінген департамент хабарламасында.
Департамент құтқарылған әйелдің медициналық көмекке мұқтаж болмағанын атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ