«Өзінен 44 жас кіші». Григорий Лепс сүйіктісі Аврорамен көпшілік алдына шықты (ВИДЕО)

Фото: bloknot.ru

62 жастағы Григорий Лепс 18 жастағы  сүйіктісі Аврора Кибамен бірге көпшілік алдына шықты. Олар Сочиде өткен «Новая волна» музыкалық фестиваліне бірге келді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қызыл кілемде журналистерге музыканттың жас серігімен тілдесуге мүмкіндік туды. Аврора бұндай шараға алғаш рет қатысып тұрғанын жасырмады. Григорий Лепс, өз кезегінде, қыздың тілшілермен сөйлесуіне қарсы емес екенін атап өтті. «Егер оның көңіл-күйі болса, сөйлесуге рұқсат», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыптылар алғаш рет маусым айының ортасында MUZ-TV марапаттарында көпшілік алдына бірге шыққан болатын. Лепс қазірдің өзінде Аврораға қымбат сыйлықтар беріп үлгерді. Солардың бірі шамамен 30 миллион рубль тұратын гауһар тасты сақина. Әлеуметтік желіде желдей ескен әңгімелерді Аврора жоққа шығарып, олардың қарым-қатынасы шынайы екенін айтты.

Айта кетейік, Аврора Киба осы жылдың ақпан айында өзінің 18 жас туған күнін Дубайда атап өтті. Қыз ауқатты отбасыдан шыққан.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Lotus Media (@lotusmedia.ru)