«100 млн теңге айыппұл». Маңғыстау облысындағы балабақшаларға әкімшілік іс қозғалды

Фото: egemen.kz

Маңғыстау облысындағы балабақшаларға 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Тексеріс нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында заңбұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды.

Атап айтқанда, 12 жекеменшік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік балабақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны