Қазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды.
«Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы бақ сынады.
Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді», – делінген хабарламада.
Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.
ПІКІР ЖАЗУ