Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ҰОК-ның мәліметінше, 65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі.
110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы – ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар.
Фото: ҰОК
ПІКІР ЖАЗУ