Кеше ғана бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа кеткісі келетінін айтты, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Спортшы бұл туралы журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтқан, деп жазады Massaget.kz.
«Бокссыз өмірімді елестете алмаймын. Біраз демалып, жаттығуға кірісемін. алда әлем чемпионаттары бар. Өзім кәсіби боксқа қатты қызығамын. Бірақ енді менің салмағым қалай болды? Қыздардың шығуы қиын ғой. Көргім келеді. Көбі маған кәсіби боксқа икемің бар деп жиі айтады. Бірақ әлі былай-былай болады деп айта алмаймын», — деді боксшы.
Назым Қызайбайға жанкүйерлерінің бірі «кәсіпқой боксқа барма» деп кеңес берді.
«Кәсіпқой бокс керек емес қыз балаға, зақым келеді басына. Денсаулықты ойлау керек, тұрмысқа шығу керек. Қайдағы бокс? Ер адамдар күрессін», — деп жазды бір көрермен.
YouTube жазылушыларының көбі спортшыға сәттілік тілеп, алдағы жарыстардан алтын күтетінін жазып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ