Мирзиёев Парижден жүлдемен оралған спортшыларын ақшаның астында қалдырды

Фото: видеодан скриншот

Ташкентте Париж2024 XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу және марапаттау рәсімі өттіОлимпиадада чемпион атанып, жүлдегер болған Өзбекстан спортшыларына сый-сыяпаттар табысталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі aktualno.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан үкіметі алтын медаль алған 8 спортшыға 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйлық, Chevrolet Tahoe автокөлігімен бірге 2 қабатты үй тарту етті.  Ал күміс жүлдегерге 100 мың доллар және BYD Song Plus EV Champion автокөлігі мен пәтер табысталды. Қола жүлде иегерлері де 50 мың доллар мен BYD  Song Plus DME Champion автөлігіне ие болды.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Өзбекстан алғаш рет Олимпиада ойындарында бейресми жалпы командалық есепте 13-орынға тұрақтады.