Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесті.
Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. Бұл – 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы.
ПІКІР ЖАЗУ