Париж-2024: қазақстандық таеквондошы Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты

Фото: Сали Сабиров

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали (80 келі) 2024 жылғы Олимпиадаа ойындарының  іріктеу айналымын сәтті  бастады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Алғашқы айналымда Батырхан малилік Исмаил Кулибалимен кездескен болатын.

Қазақстандық спортшы алғашқы раундта 5:4 есебімен жеңді. Екінші раундта 1:1 есебі тіркелгенімен, басымдық бойынша жеңіс Кулибалиге берілді.

Кездесу тағдыры үшінші раундта шешіліп, қазақстандық спортшы 2:1 есебімен жеңді.

Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты. Келесі қарсыласы – италиялық спортшы,  екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессио.