Танымал әнші Индира Елемес күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті.
“Мен жолдасыммен танысқанда оның бірінші отбасы бар екенін білдім. Біле тұра, тұрмысқа шықтым. Ол кезде жаспын. Тойға көп шығамын. Тойдағы еркектер тиіседі. Кездесуге шақырады. Солардан аулақ жүру әрі құтылу үшін өзімнің адамымды іздей бастадым. Солай күйеуім жолықты. Әпкем ғана қарсы болды. Үлкен азаматқа тұрмысқа шығып жатқаныма ренжіді. Анам батасын берді. Үйлену тойы өтіп, қалыңдық көйлегін кимедім. Көп қыздың арманы ғой. Ол сәт те мен үшін арман болып қалды. Күйеуімді жамандағым келмейді. Оның жақсы қасиеті көп. Менің өнерімді қолдап, шетелдік жұлдыздарымен дуэт айтуыма тікелей себепкер болған адам. Бірақ кейде адам төзгісіз іс-әрекеті мені қатты таңғалдырады. Бас қосқаннан кейін, “Бір ғана шартым бар, менің көзіме шөп салмайсың, ренжітпейсің. Қалған тірліктің бәрін кешіремін” дедім. Бірақ ол сөзінде тұрмады. Ажырасуымның себебі – менің сезімімді айырбастап кетті. Осы күнге дейін тек соның қас-қабағына қарап, сыйлап келіп едім”, – деп бастады әңгімесін әнші.
Өнер өкілінің айтуынша, арадағы салқындықты ұлы дүниеге келгеннен кейін сезе бастаған.
“Ұлым сегіз айлық болып дүниеге келді. Аллергиясы бар бала болып туды да, көп күтімді талап етті. Анам екі ай бойы жанымда болып бақты. Сол кезде ол кісі бірінші отбасына кетіп қалды. Ол әйелмен де заңды неке қидырмаған екен. Бірақ балалары ересек болды. Бір күні анам “Индира, сен әйелсің. Күйеуің екеуіңнің араларың суып кетпесін. Менен ұялсаңдар кетейін” деді. Мен шыр-пыр болып, анамның кетпеуін қаладым. Қазір ойласам, бізде екі ай бойы ерлі-зайыптылар арасындағы жақындық та болмаған екен. Анам да әйел заты емес пе, соны көріп айтқан. Бірақ ол кісі үйге қонбай, бірінші отбасына барып жүрді. Бір күні таныс емес дауыс телефон соғып, “Күйеуіңнен қызым бар” дегенде шошып кеттім. Ол қыз да өнерде жүр. Атын атамай-ақ қояйын, танымал әнші. Жолдасым сол күйі мойындамады. Әлі де ат тонын ала қашып отыр. Қызының жасын айтқанда, менің қызымнан үлкен болып шықты. 4 жаста екен. ДНҚ тапсырайық дедім. Ол біледі өзінің қаны екенін” деді. Қандай өкінішті?! Менің қаншама жыл сол кісіге өмірімді арнағаным бекер болыпты. Жүріс-тұрысынан күдіктенбедім де. Міне, ажырасуымның басты себебі. Мен кешіре алмадым. Балаларым бола тұра, бөлек кетуге шешім қабылдап отырмын”, – деп толқыды өнер иесі.
ПІКІР ЖАЗУ