Астанада бір отбасының мүшелері суға батып кетті

Фото: Pixabay.com

Астанадағы су қоймасында төрт адамнан тұратын отбасы суға батып кетті,  деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақмола облысы Арнасай ауылынан 2 километр жерде болған.

Өңірлік ведомствоның баспасөз қызметі төрт адамның өліміне себепкер болған жағдай Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 км жерде, Астана су қоймасында тіркелгенін хабарлады.

«Төртеуі де – бір отбасының мүшелері. 1980 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыздың денесін куәгерлер алып шықты. Ал 1977 жылғы және 2000 жылғы ер адамдардың денесін Ақмола облыстық және Астана қалалық ТЖД құтқарушылары іздестіріп жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖД өкілдері отбасы шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскенін мәлімдеді.