Ақтауда екі иттің үйлену тойы өтті

Фото: aqtau_live инстаграм парақшасынан

Ақтауда екі иттің үйлену тойы өтті, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Ақтаулық тұрғын қаладағы мейрамханалардың бірінде екі иттің тойын жасап, әлеуметтік желіге видеосын жүктеген. Желі қолданушыларының басым бөлігі той өткізгендердің бұл әрекетін оңдырмай сынады.

Оқырмандар бұл тойға «дарақылық, ессіздік», «той деген ұғымның мәнін кетіру», «хайп үшін жасалған арзан шоу» деген баға берді.