Тұрғын үй бағасы өспесе, түспейді – министрлік өкілі

Фото: ашық дереккөзден

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үй бағасының қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Оның сөзінше, бағаның күрт төмендеуі байқалмайды.

“Кез келген жағдайда инфляциялық процесс тұрғын үй құнына әсер етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының өсу үрдісі байқалады. Құрылыстың орташа нақты шығындары да шамамен 2-3 пайызға өсті, бірақ мәмілелер саны азайды. Бағаның төмендеуін мәмілелер санының азаюымен байланыстырамыз. Жалпы алғанда, бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді», – деді Бақытжан Жүнісбеков.