Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында әйел адам жиырмашақты балаға заңсыз діни білім берген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«2024 жылдың маусым айында Қордай ауданының Қарасу ауылында азаматша Ю. миссионерлiк қызметтi заңсыз жүзеге асырған. Яғни тіркеусіз жиырмаға жуық кәмелетке толмаған балаларды діни наным-сенімге оқытумен айналысқан», — деп хабарлайды Қордай ауданының соты.
Әйел адам сотта кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген. Жеңілдететін мән-жайларды ескеркен сот әйелге 360 мың теңге көлемінде айыппұл салған.
ПІКІР ЖАЗУ