Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда ҚазҰУ қалашығындағы субұрқаққа түсіп, көз жұмған студенттің ісі жайлы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Қазір ресми медициналық сараптаманың қорытындысын алған жоқпыз. Күніне екі рет менің әріптестерім Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына медициналық сот сараптамасының дайындығына қатысты хабарласып отырады. Біз бұл мәселені ұмытып кеткен жоқпыз. Осы қорытындыны күтуіміз керек. Барлық техникалық мәселе қайта тексерілді. Субұрқақ дұрыс жұмыс істеп тұр, тек сот медициналық сараптаманы күту керек», — дейді министр.
Айта кетейік, 19 маусымда мектеп түлегі университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда техникалық себептерге байланысты емтихан тапсыру мерзімі кейінге шегерілген. Ал бозбала бірден үйіне қайтпай, ЖОО алдындағы субұрқаққа шомыла кетуді жөн көреді. Бірнеше бала болғанымен, субұрқаққа біреуі шомылып көз жұмған.
ПІКІР ЖАЗУ