Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған ер адамға іздеу жарияланды

сот
Фото: egemen.kz

Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, судья Ордабаевқа үйінің автотұрағына бетперде киіп, қаруланған белгісіз біреу келген. Ол өлтіремін деп қорқытып, судьяны көлікке мінгізіп, елсіз жерге алып кеткен.

Сосын Ордабаевқа отбасы, балалары мен туыстары туралы ақпарат бар екенін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Осылайша судья өз атынан 300 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны шабуылдаушыға аударған.

Алайда қылмыскер мұнымен тоқтап қалмаған. Қылмыс орнынан жасырынып, Ордабаевты өлтіремін деп қорқытып, тағы 12 миллион теңге беруді, сондай-ақ анықталмаған сот шешімінің күшін жоюды талап еткен. Зардап шеккен судья қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Қазіргі таңда «Адам ұрлау», «Бопсалау» және «Сот төрелігіне кедергі келтіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора