Қостанайда мердігерден 9 млн теңге пара алған шенеунік ұсталды

Фото: видеодан кадр

Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

«Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған. Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды», делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жарияланбайды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом