Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын қайда өткізетіні белгілі болды

Қазақстан футбол құрамасы
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Алматының орталық стадионында өткізеді. Бұл жайында бүгін Астанада өткен баспасөз жиынында ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов айта кетті.

Норвегиямен өтетін алғашқы ойынды Алматыда өткізуді жоспарлап отырмыз. UEFA-мен сәтті келіссөздер жүргізілді. Бізге нені түзеу керек екенін айтты. Біз төртінші категорияны алуымыз керек. Өзге матчтар жайлы айту әзірге ерте. Бірақ бірінші ойынды Алматыда өткізуге дайындалып жатырмыз, — деді маман. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы стадиондардың талаптарға сай келмеуіне байланысты ойындарын өзге елде өткізуі мүмкін деген де ақпараттар тараған еді.