Аймағамбетов Telegram каналын ашты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram каналын ашты, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Министр 2009 жылдан бері Facebook, кейін Instagram желісіне тіркелген.
«Олар министрліктің жұмысы, біздің жаңа бастамалар, нормативтік-құқықтық актілер және жаңа нормалар туралы халыққа тікелей ақпарат беруіме үлкен септігін тигізіп келеді. Жекеме күніне шамамен 150-200 хабарлама келіп түседі. Бірақ оның барлығына бірден жауап беру мүмкін емес екенін айтқым келеді. Десек те мүмкіндігімше ең маңыздыларына жауап беруге тырысамын. Түскен хабарламаларды оқып, көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды назардан тыс қалдырмаймын. Бұл платформалардың мен үшін осындай да өте пайдалы тұсы бар», — деді А.Аймағамбетов.
Егер министрге сауалдарыңыз болса, https://t.me/aimagambetov каналына  жазылуға болады.

 «ozgeris.info».