Грекияда аралдың өртенуіне қазақстандықтардың қатысы бар ма – ҚР СІМ тың ақпарат берді

өрт
Фото: pronews.gr

ҚР Сыртқы істер министрлігі «Грекияда Қазақстан азаматтары отшашу жасап, орман өртеді» деп БАҚ таратқан ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», – делінген хабарламада.

Грекияның бұқаралық ақпарат құралдары 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтада отшашу ата бастағаны жөнінде ақпарат таратты. Салдарынан қарағайлы орманда өрт басталған. Кейінірек оқиғаға қатысы барлар, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Олардан Вульягмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынатыны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та қазақстандықтар Грекиядағы аралдардың бірін өртеп жібергені туралы ақпарат тараған еді.