Қасым-Жомарт Тоқаев комаға түскен әскерге шақырылған сарбаздың ісін қарауды тапсырды, деп хабарлайды Ozgeris.Info Президенттің баспасөз хатшысының хабарламасына сілтеме жасай отырып.
Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі өз парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы комаға түскен әскери бөлімнің шақырылған сарбазы анасының әлеуметтік желілерде жарияланған үндеуімен танысқанын жазды.
Мемлекет басшысы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді және кінәлілерді жазалауды талап етті.
«Президент қорғаныс министрінің назарын әскердегі осындай оқыс оқиғаларға жол бермеуге аударды және тергеуді бақылауға алуды тапсырды», — делінген Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының хабарламасында.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде қазақстандық әйелдің бейнеүндеуі пайда болды, ол 19 жасар ұлының комада жатқанын және өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылғанын хабарлады. Оның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. Әскери қызметшінің ата-анасы ұлының Жамбыл облысында әскери қызмет өткеру кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлады.
ПІКІР ЖАЗУ