Қазақстандық гроссмейстер Үндістанда өткен 20 жасқа дейінгі FIDE World Junior жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды ozgeris.info
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Қазыбек Нөгербек 11 турда 8,5 ұпай жинап, турнир кестесінің бірінші орнына шықты.
Алтын медаль алған ол әлем кубогына жолдама алды.
Турнирге Үндістанда барлығы 123 қатысушы жиналды, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шебер бар.
ПІКІР ЖАЗУ