«30 жастағы қыздың жоғалу жағдайы анықталды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел тұтқындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды «, — деп хабарлады Абай облысы ДП бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Естеріңізге сала кетейік, 2 маусымда Бородулиха ауданының полициясына Аул станциясының 59 жастағы тұрғыны хабарласқан болатын. Оның айтуынша, қызы 26 мамырда жол-жөнекей Семейге кетіп, жоғалып кеткен. Кейін жоғалған адамның денесі табылды.
ПІКІР ЖАЗУ