Оның мәліметтері «Миротворец» сайтының базасына енгізілді.
Сайтта Андрей Чебатарев Қазақстанның ішкі саясатына қатысты мақалалар жариялайтын ресейлік «Ритм Евразия» насихат басылымының штаттан тыс тілшісі болып табылатыны көрсетілген. Сондай-ақ, А.Чеботарёв ТМД елдері туралы тапсырысты материалдар жазады.
Чебатаревтің осы тізілімге қосылуы оның Украинаға қарсы ақпараттық операцияларға белсенді қатысуына негізделген. Оның үстіне, журналист Қазақстан, Украина және ТМД-ның басқа да мемлекеттеріне қатысты ақпаратты манипуляциялауға маманданған «Бараева», «ТМД Компроматы», «Шығысқа көзқарас» сияқты бірқатар телеграм-арналар арқылы дезинформация таратумен жүйелі түрде айналысады.
Бұдан басқа, тізімге «Ритм Евразии» басылымының басқа да қызметкерлері (Юрий Рубцов, Илья Намовир, Антон Морозов) қосылды.
ПІКІР ЖАЗУ