Қазақ тілінен емтихан тапсыру 5-8 және 10-сыныптарға міндетті. Ол екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша.
Бүгін Павлодар облысының мектептерінде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады.
«Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10-сыныптарында оқитын 54242 оқушы үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді», — деп хабарлады Павлодар облысының білім беру басқармасынан.
ПІКІР ЖАЗУ