«Қазгидромет» РМК синоптиктері маусым айындағы құрғақшылық туралы болжамын жариялады.
Метеорологтардың болжамынша, 2024 жылдың маусым айында Қазақстанда ылғалдылық негізінен ұзақмерзімді мәндерге жақын болады деп шамаланып отыр.
Атмосфералық құрғақшылық болжанып отырған аймақтар:
— Қостанай облысы, Амангелді және Жангелді аудандары;
— Маңғыстау облысы, Маңғыстау және Қарақиян аудандары;
— Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы;
— Қарағанды облысы, Шет ауданы.
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успен ауданында және Павлодар қаласында маусым айында қалыпты ылғалдылық болжанды. Республиканың қалған бөлігінде осы айда ылғалдылық нормаға жақын болады деп шамаланып отыр.
Фото: канва
ПІКІР ЖАЗУ