«Қазақфильм» АҚ-ның вице-президенті қызметінен кетті

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның вице-президенті Айдархан Әділбаев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды «ozgeris.info»

Айдархан Әділбаев қазақстандық кинематограф саласында жұмысын жалғастыра бермек.

«Бүгін – «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті ретіндегі соңғы жұмыс күнім. Қызықты, нәтижелі, тәжірибеге толы болды. Барлық әріптесіме жұмысы үшін рақмет. Кино алаңдарында кездескенше», – деді Айдархан Әділбаев.

 

 

 «ozgeris.info»