Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 370-орында тұрған мысырлық Мохамед Сафватты жолдан тайдырды.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Скатов 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 460-ракеткасы, италиялық Андреа Пиккьоне немесе рейтингіде 547-сатыдағы словакиялық Норберт Гомбоштың қай жеңгенімен шеберлік таластырады.
Фото: ҚТФ
ПІКІР ЖАЗУ